ҰҚК-нің Мәсімовпен бірге сотталған бұрынғы орынбасары айыппұлмен құтылды

Еркеғали Болатұлы

Оған да мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырды деген айып тағылған еді

фото: online.zakon.kz

Қаңтар оқиғасы бойынша Кәрім Мәсімовпен бірге сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Осипов түрмеден босап шықты. Бұл туралы nege.kz хабарлады.

Кәрім Мәсімовтің үш орынбасарының бірі Марат Осипов бостандыққа шықты, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның 3 орынбасары Дәулет Ерғожин, Әнуар Садықұлов және Марат Осипов 2022 жылғы қаңтар оқиғасында мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырды деген айыппен сотталған болатын.

Аталғандардың арасында Марат Осипов тергеуге көмектескені үшін ең қысқа мерзімді жаза (3 жыл) алған еді. Жазасының көп бөлігін өтеген ол жазаның қалған бөлігін айыппұлмен алмастырды.