СІМ Америкада көз жұмған қазақстандық спортшыға қатысты түсінік берді
Ол небәрі 27 жаста болған
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров АҚШ-та көз жұмған cпортшы Мұхамбет Қуатбектің өліміне қатысты түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
2024 жылғы 19 наурызда Нью-Йорк қаласындағы консулдыққа Филадельфия қаласында Қазақстан азаматының қайтыс болғаны туралы ақпарат түсті. Отандасымыздың денесі 16 наурызда Филадельфиядағы мәйітханаға жеткізілді. Филадельфия қаласы сот-медициналық кеңсесінің мәліметінше, өлім жүректің тоқтап қалуынан болған. Нақты ақпаратты күтеміз.
Қазақстанның консулы қайтыс болған азаматымыздың туыстарымен байланыста. Қазір мәйітті Қазақстанға жеткізу бойынша іс-шара ұйымдастырылып жатыр», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде еркін күрестен 2014 жылғы жасөспірімдер олимпиадасының әлем чемпионы Мұхамбет Қуатбектің қайтыс болғаны хабарланған еді. Ол АҚШ-тың Филадельфия қаласында тұрған.