Halyq Uni логотип
×

Америкалық ковбойлар Астанаға келді

«Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде көкпардан АҚШ пен Қазақстан құрамаларының ойыны басталды

 Дастан Жұмабекұлы 20.03.2024 | 12:04
Америкалық ковбойлар Астанаға келді
Фото: Ләззат Сағындықова

Бүгін Ұлттық спорт күні таңертеңгі сағат 10:00-де Астанадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде көкпардан АҚШ пен Қазақстан құрамаларының ойыны басталды.

Бұл ойынға АҚШ-тан америкалық ковбой Лэдд Хауэлл мен Кейси Филд келді. Лэдд Хауэлл – америкалық команданың капитаны. Ал қазақ құрамасын алаңға белгілі көкпаршы Құрманбек Тұрғынбек бастап шықты.

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған додаға АҚШ-тан журналист, фотограф әрі режиссер Джейсон Мотл да келді. Іс-шара аясында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді.

Бұл көкпар тартудың әлем елдеріне кеңінен тарап, ұлттық өнерден халықаралық дәрежедегі спортқа айнала бастағанын көрсетеді.

Көкпар биыл күзде Астанада болатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына кіреді. Одан басқа, ойындарда ат спорты түрлері, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, садақ ату, жамбы ату, арқан тарту сынды ұлттық және халықтық ойындардың 20 түрінен жарыс өтеді. Ресми бағдарламадан тыс, ұлттық өнердің 10 түрі таныстырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама