Көкшетау қаласының прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғады
Мүгедектігі бар адамдарға арналған 2 мыңнан астам құрал қайтыс болған адамдарға рәсімделген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қала прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші құралдармен және түрлі қызметтермен қамтамасыз ету кезінде заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді
Талдаумен қайтыс болған адамдарға 2 млн теңгеге 2 мыңнан астам гигиеналық құралдар, мүгедек арбашалары және басқа да жеке құралдар берілгені анықталды. Заттарды балалары қабылдап алған, – делінген прокуратура хабарламасында.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша арнайы қаражат мемлекет меншігіне қайтарылып, кейін басқа мұқтаж мүгедектігі бар адамдарға бөлінді.