×

Мүгедектігі бар адамдарға арналған 2 мыңнан астам құрал қайтыс болған адамдарға рәсімделген

Көкшетау қаласының прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғады

 Динара Амантай 20.03.2024 | 11:15
Фото: Halyq Uni

Мүгедектігі бар адамдарға арналған 2 мыңнан астам құрал қайтыс болған адамдарға рәсімделген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші құралдармен және түрлі қызметтермен қамтамасыз ету кезінде заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді

Талдаумен қайтыс болған адамдарға 2 млн теңгеге 2 мыңнан астам гигиеналық құралдар, мүгедек арбашалары және басқа да жеке құралдар берілгені анықталды. Заттарды балалары қабылдап алған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша арнайы қаражат мемлекет меншігіне қайтарылып, кейін басқа мұқтаж мүгедектігі бар адамдарға бөлінді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама