Борышкерлер құмар ойындар ойнай алмайды
Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және оған ілеспе заң жобасы қарауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобалары мемлекет басшысының құмар ойындарға заң жүзінде шектеу туралы тапсырмасы шеңберінде Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген.
«Заңдардың негізгі новеллалары келесідей:
Заңнаманы бұзған ойын бизнесін ұйымдастырушылар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізу сияқты тағы басқа өте маңызды нормалар ұсынылып отыр, - деді Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.