Жиын Президенттік орталықта өтеді
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 2024 жылы 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта өтеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ассамблея мүшелері Астанада Көрісу күнін атап өткен болатын. Көрісе келген қонақтар бір-бірімен амандасып, өз өнерлерін көрсетіп, жүрекжарды жылы лебіздерін білдіріп, ас-дәмдерін ұсынды.