Көпшілікке Qanay лақап есімімен танымал әнші Нұрболат Қанай әулеттерінде болған қайғылы қаза жайлы айтты.
Көпшілікке Qanay лақап есімімен танымал әнші Нұрболат Қанай әулеттерінде болған қайғылы қаза жайлы айтты.
Өнер иесінің айтуынша, осыдан 9 жыл бұрын ағасын ауылда біреулер пышақтан кеткен.
«Осыдан 9 жыл бұрын Алматыда жүргенімде ауылдан «Ағаңды белгісіз біреулер пышақтап кетті. Ағаңнан айырылып қалдық» деген суық хабар келді. Ағамның артында бір ұлы мен бір қызы қалды. Сол жылдар біздің әулетке қиын тиді. Қазіргі күні ағамның балалары есейді. Алайда жеңгем қайта тұрмысқа шықпады. Осы ән арқылы ағамның сағынышын, соңғы сөзін жеңгеме жеткізгім келді. Жеңге, сен бақытты болуға лайықтысың. «Қара бұлтың көшсін» деген әннің тарихы осындай», – деді Нұрболат Қанай Instagram-дағы парақшасында.