×

20 наурызға ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында  найзағай күтілуде

 Халық үні 19.03.2024 | 21:37
Фото: elements.envanto

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 20 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Тек елдің батысында атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз сақталады.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында  найзағай күтілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама