×

Екі күн бұрын жоғалған 3 жасар қызды 300 адам іздестіріп жатыр

Іздеу орнында жедел штаб құрылды

 Динара Амантай 19.03.2024 | 16:34
Фото: видеодан скриншот

Үш жасар баланы іздеуге «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметнің мәліметінше, 17 наурызда сағат 21:44-те Алматы облысының ТЖД-не Еңбекшіқазақ ауданының Куш ауылының маңында 2021 жылы туған қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Бала 16:30-да ересектердің қарауынсыз қалып, үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған.

Іздеу орнында жедел штаб құрылды. Іздеу жұмыстарына ТЖД, РЖҚЖ, ПД, ҰҰ ә/б, аңшылық шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, еріктілер арасынан 300-ге жуық адам және 80-ге жуық техника, тепловизоры бар 4 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды.

Бірінші күннен бастап құтқарушылар тізіліп қарау әдісімен жерүсті іздестіру жұмыстарын жүргізді. РЖҚЖ құтқарушылары 30 метр қашықтықта орналасқан су айдынына сүңгіп те іздестіріп жатыр. Сондай-ақ тартылған күштер мен құралдармен оқиға орнында және су айдынының жағалау сызығы бойынша кинологиялық есептоптарды пайдалана отырып, жерүсті іздестірулері жүргізіліп жатыр. Барлық мүмкін жерлер тексерілуде.

Үздіксіз байланысты қамтамасыз ету үшін іздеу жұмыстары орнына ТЖД командалық-штабтық машинасы орналастырылған. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама