×

Қарағанды полицейлері дәмхананың қызметін заңсыз тоқтатып тастаған

Прокуратура қалалық ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі қойған шектеулердің күшін жойды

 Динара Амантай 19.03.2024 | 10:57
Фото: Halyq Uni

Қарағандыда Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы кәсіпкерлік субъектісінің құқығын қалпына келтіріп, қалалық ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі қойған шектеулерді алып тастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қылмыстық іс аясында кәсіпкердің шағымын қарау кезінде дәмхананың қызметін мөрлеу арқылы тоқтату фактісі анықталды.  

Еске сала кетсек, мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi. Ал жергілікті полиция бөлімшесі кәсіпкердің заңды құқығын бұзып, қызметін заңсыз тоқтату арқылы оған материалдық залал келтірген.

Прокурорлық ден қоюдың арқасында көрсетілген нысаннан шектеу шаралары алынып тасталып, кәсіпкер жұмысын жалғастырды.  

Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама