×

«Тұман, көктайғақ». «Қазавтожол» жүргізушілерге ескерту жасады

Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтау сұралады

 Динара Амантай 19.03.2024 | 09:53
Фото: pixabay.com

«Қазавтожол» ҰК» АҚ еліміздің автожолдарындағы ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау облыстарына қалың тұман түседі. Жауын-шашын жауып, көк тайғақтың пайда болу қаупі бар.

Қарағанды облысы мен Астана қаласында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады деп болжанған.

Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, – делінген компания хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама