×

Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарып берді

Жауап берушінің қарызы 15 млрд теңгеден асып кеткен

 Динара Амантай 19.03.2024 | 09:44
Фото: gov.kz

Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарып берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде Capital Bank Kazakhstan АҚ мен AsiaCreditBank АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері саналатын борышкердің (жауап беруші Ш.-ның) активтері шығарылғанын анықтады.

Жауап берушінің қарызы 15 млрд теңгеден асады.

Прокуратура ҚР Ұлттық Банкінің мүддесіне жауап беруші Ш.-ның жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді. Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама