Төлемдердің жалпы көлемі 12 млрд теңге болды
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 106,3 мың адам болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл ретте биыл 49,8 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған. Төлемдердің жалпы көлемі 12 млрд теңге болды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған жұмысшылар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен іске асырылады.
Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмысшыға:
Бұл қызметті онлайн режимінде Электронды еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
Еске сала кетсек, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан іске асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.