Оны іздеуге тік ұшақ пен дрон жұмылдырылды
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жастағы қыз жоғалып кетті.
Полицияға Куш ауылының 40 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 наурыз сағат 16:00 шамасында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын айтұан.
Аталған дерек бойынша арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті ПБ және жедел бөлім қызметкерлерінен іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы дайындалған иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Барлығы 245 адам жұмылдырылды, - деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі іздеу жұмыстарына волонтерлер, тепловизоры бар дрондар мен тікұшақ тартылғанын атап өтті.