Halyq Uni логотип
×

Қайрат Боранбаевтың қонақ үйі 3,9 млрд теңгеге сатылып жатыр

Бұл нысанды әлеуметтік қызметке берудің қажеті жоқ

 Еркеғали Болатұлы 18.03.2024 | 15:31
Қайрат Боранбаевтың қонақ үйі 3,9 млрд теңгеге сатылып жатыр
фото: kompastour.com

Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Қайрат Боранбаевтың Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін аукционға шығарды.

Қонақ үй сатып алу құқығымен 5 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі. Кешеннің бастапқы бағасы – 3 919 431 715 теңге. Кепілдік жарнасы 587,9 миллион теңгеге тең.

Аукцион 27 наурызда өтеді. Шартқа сәйкес, жаңа қонақ үй иесі мүлікті қонақ үй бизнесін жүргізу үшін қатаң түрде мақсаты бойынша пайдалануы керек. Сондай-ақ жаңа қожайынның Қазақстандағы қонақ үйлерді басқару саласында кемінде 7 жыл тәжірибесі болуы шарт.

Еске сала кетсек, Қайрат Боранбаев құны 1,4 миллиард теңгеден асатын Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне былтыр қазан айында өткізген болатын. Кейін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қонақ үйдің елорда әкімдігінің меншігіне берілетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ әкім бұл нысанды әлеуметтік қызметке берудің қажеті жоқтығын, елордада туристік мақсаттағы мұндай деңгейдегі қонақ үйлердің тапшы екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама