Храпунов жекешелендіріп жіберген жедел жәрдем кешенінің бір бөлігі қайтарылды

Динара Амантай

Сотта экс-әкімнің шығарған шешімінің заңсыздығы расталды

Фото: Depositphotos

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов шығарған жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігі қайтарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2024 жылдың 15 ақпанында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 27 қарашадағы мүліктік жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігін жеке меншікке шығару туралы шешімді жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.

Сотта Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың жеке құрылымдарға ауданы 3 мың 800 шаршы метр болатын ғимараттар мен 50 сотық жерді (Райымбек даңғылы, 196) беру туралы шешімінің заңсыздығы расталды.

Нәтижесінде қадағалау органының шараларымен қаланың денсаулық сақтау саласындағы мүліктік кешеннің бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды.