Салық уақытында төленбесе, әр күн үшін өсімпұл есептеледі
2023 жылға көлік салығын төлеу мерзімі биыл 1 сәуірде аяқталады, деп хабарлады Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаменті.
Басқарма мәліметінше, салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге көлемінде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) пайдаланылады.
Өңірде көлігі бар 9 мың павлодарлықтың салығы бойынша берешегі – шамамен 650 млн теңге. Бүгінде 2023 жылғы көліктерге алынатын салықтың есептелген сомасы Puch-хабарламалар Kaspi және Halyk банктерінің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға жіберілді. Олар оны бірден төлей алады, - деп жазылған хабарламада.
Департамент салықты уақында төлемегендерге биыл 2 сәуірден бастап салық берешегі туралы хабарлама жіберілетінін еске салады. Сондай-ақ мерзімі өткен әр күн үшін өсімпұл есептеледі.