Қосшыда құтқарушылар екі баланы ажалдан сақтап қалды
Балалар аман-есен анасына тапсырылды
Ақмола облысы Қосшы қаласының құтқарушылары үшінші қабаттың балконынан үш иінді баспалдақ арқылы пәтер иесіне ішінен құлыпталған есікті ашып берді.
Пәтерде 2019-2020 жылдары туған екі бала қалған. Балалардың анасы пәтердің есігін сырттан аша алмағаннан кейін құтқарушыларға олардың газ иісінен уланып қалуы мүмкін екенін айтып, хабарласқан.
Құтқарушылардың көмегімен екі бала құтқарылды.
Балалар аман-есен анасына тапсырылды. Медициналық көмекті қажет етпеді.