Қазір барлық республикалық маңызы бар автожол ашық
Бүгін еліміздегі жолдарда көктайғақ болу қаупі бар. Жүргізушілер сақ болуға тиіс, деп хабарлады QazAvtoJol ұлттық компаниясы.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстарына қалың тұман түседі. Жауын-шашын жауып, желдің екпіні күшейгендіктен көктайғақ болу қаупі бар. Сондай-ақ Қызылорда, Жетісу және Түркістан облыстарында жел күшейіп, оның екпіні секундына 23-28 метрге жетеді, - деп жазылған хабарламада.
Компания мәліметінше, қазір барлық республикалық маңызы бар автожол ашық, қозғалысқa шектеу енгізілмеген.