×

Белград турнирінде ұлттық құраманың төрт боксшысы жеңімпаз атанды

Еліміз 4 алтын және 4 күміс медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды

 Халық үні 18.03.2024 | 08:37
Фото: www.instagram.com/boxingkazakhstan/

Сербияның астанасы – Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті.

Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, ұлттық құрама 4 алтын және 4 күміс медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Финалда жұдырықтасқан сегіз боксшының ішінде Ернұр Қайрат (48 кг), Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг) пен Диас Молжігітов (75 келі) қарсыластарын жеңіп, жеңімпаз атанды. Ал Сабыржан Аққалықов (71 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Данияр Рахымбердинов (92 кг) пен Олжас Боқаев (+92 кг) күміс медальді иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысқан халықаралық турнирде Қазақстанның 12 боксшысы бақ сынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама