18 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстанның басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 18 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста, елдің оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
Қазақстан бойынша тұман, жел күшейеді, батыста - көктайғақ, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі.