Аргентинада іздеуде жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ұсталды
Ол 196 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденді деген күдікке ілінді.
Аргентина аумағында ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Андрей Хазбулатов ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап nur.kz хабарлады.
Ведомство өкілдерінің nur.kz тілшісіне хабарлауынша, өткен жазда елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін халықаралық іздеу жариялаған.
Ол 196 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденді деген күдікке ілінді.
Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Андрей Равильевич Хазбулатов философия ғылымдарының докторы (PhD), доцент, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі мәдени саясатының тұжырымдамасының, «Кинематография туралы» заңының авторлары мен әзірлеушілерінің бірі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.