Kazakhstan Kagazy экс-бас директоры БАӘ-де ұсталды
Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті оған аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеу жарияланған болатын.
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген адам БАӘ-де ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
«Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп ұсталды», - делінген хабарламада.
Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті оған аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеу жарияланған болатын.
Мақсат Әріп Kazakhstan Kagazy компаниясын 2003 жылдан 2008 жылға дейін басқарды.