Бүгін сағат 16-40-та іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 км қашықтықта тауып, судан шығарып алды
Түркістан облысында бір күн бұрын жоғалған баланың денесі табылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Ведомствоның хабарлауынша, 16 наурызда Түркістан облысының Біртілек ауылында 2019 ж.т. бала 15-00-де үйден шығып, қайтып оралмағаны туралы ақпарат келіп түсті. Куәгердің айтуынша суару каналында аяқ киім табылған.
«Бүгін сағат 16-40-та іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 км қашықтықта тауып, судан шығарып алды», - делінген хабарламада.
Іздеу жұмыстарына ТЖД, ЖАО және полицияның 93 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды.