Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында жоғалып кеткен 5 жасар баланың денесі табылды

Бүгін сағат 16-40-та іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 км қашықтықта тауып, судан шығарып алды

 Халық үні 17.03.2024 | 19:41
Түркістан облысында жоғалып кеткен 5 жасар баланың денесі табылды
Фото: ҚР ТЖМ

Түркістан облысында бір күн бұрын жоғалған баланың денесі табылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ведомствоның хабарлауынша, 16 наурызда Түркістан облысының Біртілек ауылында 2019 ж.т. бала 15-00-де үйден шығып, қайтып оралмағаны туралы ақпарат келіп түсті. Куәгердің айтуынша суару каналында аяқ киім табылған.

«Бүгін сағат 16-40-та іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 км қашықтықта тауып, судан шығарып алды», - делінген хабарламада.

Іздеу жұмыстарына ТЖД, ЖАО және полицияның 93 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама