Елімізде өндірілген пияздың көлемі қазіргі сұраныстан 3 есе көп – министрлік

Динара Амантай

Оңтүстік өңірлерде 160 мың тоннаға жуық пияз қоймаларда сатылмай тұр

Фото: Halyq Uni

Пияз өнімінің құртылуы туралы ақпаратқа қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдері фермерлерді қолдау және елді осы өніммен қамтамасыз ету бойынша барлық міндеттерін орындып жатқанын жеткізді. Шын мәнінде, өндірілген пияздың көлемі оған қазіргі сұраныстан үш есе көп. Жылдық өнім – 1,1 млн тонна деңгейінде, ал тұтыну – орташа есеппен 315 мың тонна. Пияз жинау бойынша негізгі өңірлер – Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстары.

Сонымен қатар алдыңғы жылдары пияздың жеткілікті өндірілуіне қарамастан, бағалар үнемі көтеріліп отырды, әсіресе маусымаралық кезеңде. Фермерлердің ірі көтерме сауда орындары мен базарлардағы делдалдарға пияз сатқаннан кейінгі кезеңде бағаның айтарлықтай өсуі байқалып отыр.

2023 жылғы егін жинау жұмыстарының басында көтерме бағалар, Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша бұрынғы деңгейге оралды - килограмына 132-134 теңге болса, 2024 жылдың басында бағалар килограмына 107-114 теңгеге дейін төмендеді.

Сондай-ақ, нарық қатысушыларының ақпараты бойынша, өткен маусымнан айырмашылығы, 2023 жылдың күзінің басынан бастап пиязға сұраныс айтарлықтай төмендеді және шаруалар пиязды бір килограмына 40 теңге нарықтық бағамен сата алмады. Осы уақытқа дейін көптеген шаруалар пиязды сатуға шешім қабылдап, ұсыныстарын арттырған кезде, бағалар килограмына 15-20 теңгеге дейін төмендеді.

2024 жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 160 мың тоннаға жуық сатылмаған өнім бар. Оның 138 мың тоннасы Жамбыл облысында, 22 мың тоннасы Алматы облысында. Импорттаушылар тарапынан 2023/2024 маусымында сұраныстың төмендеуі аясында артық өндіріс. Ресей аумағы арқылы Балтық жағалауы мен Грузияға жөнелтуді жоспарлау кезінде көлік логистикасы мәселесі пияз қорларының жиналуына және бағаның төмендеуіне әкелді. Сонымен қатар, жылы ауа-райының келуімен бейімделген қоймаларда пиязды сақтау мәселесі де туындады. Бұл ретте тоңазытқыш жабдығы бар мамандандырылған қоймалар жоқ, – делінген АШМ хабарламасында.

Қалыптасқан жағдайды шешу үшін және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мынадай жұмыстар жүргізуде:

1) ЖАО-ға ӘКК-де сатып алуды ұйымдастыру үшін көлемдер мен бағалар ұсынылатын АШТӨ тізімдері, сауда объектілері және т. б. жіберілді.;

2) СИМ, Қазтрейд ішкі және сыртқы нарықтарда пиязды өткізуді ұйымдастыру туралы хаттар жолданды;

3) СІМ-мен пиязды Пәкістанға өткізу мәселесі пысықталуда, сондай-ақ Қазақстанның елшіліктері жаңа өткізу нарықтарын іздестіруде;

 4) "ҚазАгроЖамбыл" Бірінші халықаралық көрме-форумы шеңберінде өңірлердің ӘКК-мен Жамбыл облысының пияз өндірушілерінің кездесулерін өткізу жоспарлануда.

Осылайша, ведомство ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу және елдегі фермерлерді қолдау бойынша жұмысты жалғастырады.