Өртті сөндіруге жеке құрамнан 50 адам және 15-ке жуық техника жұмылдырылды
Алматы облысында майлықтар шығаратын цех пен қойма өртенді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында қойма өртеніп жатыр. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде жоғары дәрежедегі шақыру бойынша жіберілді. Шақыру орнына барғаннан кейін көрші тұрғын үйге көшу қаупі бар майлықтар шығаратын цех пен қойманың жанып жатқаны анықталды.
Өрт сағат 11:01-де оқшауланды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оған жеке құрамнан 50 адам және 15-ке жуық техника жұмылдырылды.
Алдын-ала болжам бойынша, өрттің ауданы – 1 мың шаршы метр.