Өртті сөндіруге жеке құрамның 30 адамы және 7 бірліктен астам техника шықты.
Қарағандының өрт сөндірушілері 5 адамды құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазыбек би ауданында 2 қабатты ғимараттың жертөлесінде ағаш қаптама жанған. ТЖД күшімен ғимараттың 2-қабатының балконынан үш тізе баспалдақ арқылы 5 адам құтқарылды. Өрт толығымен жойылды.
Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 30 адамы және 7 бірліктен астам техника шықты.