Құтқарушылар тұрғындарды жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазартуға шақырды
Алматыда өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті.
Орташа тәуліктік температураның жоғарылауына және қардың қарқынды еруіне байланысты 16-18 наурыз аралығында таулы өзендерде су деңгейі көтеріледі. Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы мүмкін, - делінген ТЖД хабарламасында.
Осыған орай құтқарушылар тұрғындарды жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазартуға шақырды.