×

Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан 2 адам көз жұмды

Жол ережелерін қатаң ұстануды сұраймыз

 Халық үні 16.03.2024 | 21:40
фото: Қазавтожол

Маңғыстауда жеңіл және жүк көліктері соқтығысып, екі адам қаза тапты. Оқиға бүгін 16 наурызда «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 733 шақырымында болған.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, апат кезінде ауа райы ашық, жол жамылғысы құрғақ және таза болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша Toyota маркалы автомобиль жүргізушісі жылдамдықты асырып, Shacman маркалы жүк көлігіне соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам оқиға орнында қаза тауып, тағы екеуін Мұнайшы ауылының медициналық мекемесіне түрлі жарақаттармен жеткізді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұжымы қаза болған азаматтардың жақындарына қайғыра көңіл айтады. Барлық автокөлік жүргізушілерден аса мұқият болуды және жол ережелерін қатаң ұстануды сұраймыз, - делінген компания мәліметінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама