Halyq Uni логотип
×

Бұрқасын, тұман, көктайғақ: 16 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Ел бойынша тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.

 Халық үні 16.03.2024 | 08:31
Бұрқасын, тұман, көктайғақ: 16 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: elements.envanto

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 16 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

«Сонымен қатар жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, күндіз елдің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», — делінген ведомство ақпаратында.

Ел бойынша тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама