×

«Бізде заң да, иман да, бәрі өте әлсіз»: Серікзат Дүйсенғазы ұлының соңғы демі үзілген жерді көрсетті

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлының соңғы демі үзілген жерді көрсетіп, ұзаққа созылған соттың бір  отырысы осы жерде өтетінін айтты.

 Халық үні 15.03.2024 | 22:31
Фото: orda.kz

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлының соңғы демі үзілген жерді көрсетіп, ұзаққа созылған соттың бір  отырысы осы жерде өтетінін айтты.

 «Елікті деген осы міне. Ешқайсын әлі жаппаған, ашық тұр бәрі. Мойындамайды, Шымбұлақта да, басқа жерде де солай дейді. Соттың алдында да тағы дауласып қалдық. Бізде заң да, иман да, бәрі өте әлсіз екен. Соны байқап отырмын. Бұл жігіттерде әлі иман жоқ. Адам өліп жатса да, орманды қоршауға болмайды деп дау шығарып отыр», – дейді айтыскер ақын

Ақынның айтуынша, көшпелі сот отырысы жалғасып жатыр.

«Ұзаққа созылған соттың бір отырысы Елікті паркте жасайын деп жатырмыз. Әлиханымның соңғы көрген жері. Осы жерде көшпелі сот отырысы өтеді. Ардақты ағайын, Әлиханымның соңғы демі үзілген жер. Анау талға соғылған ғой. Айналайын-ай десейші», – дейді ол.

Айта кетейік, 2023 жылдың 2 қаңтарында ақынның 16 жастағы ұлы шаңғы теуіп жүріп, мерт болған еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама