×

Кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлі табылды

Желіде Бақыт Ибрагимнің өзін-өзі өлтіргені жазылған хабарлама тарады.

 Халық үні 15.03.2024 | 23:08
Фото: zonakz.net

Желіде экс-премьер-министр және Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы, кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлі табылды деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мұны Massaget.kz тілшісіне растап, түсінік берді.

«Осы факті бойынша «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Мән-жайы анықталып жатыр», - деді Әзірбек.

Еске салайық, 2020 жылы Бақыт Ибрагим Жомарт Ертаевпен бірге RBK Bank-те «қаржы жымқырды» деп сотталып, былтыр күзде босап шыққан еді.

Бақыт Ибрагим 1985 жылы 28 мамырда туған. 

Кәсіпкердің жеке өміріне қатысты мәлімет жоқтың қасы. Кей мәліметтерде оның бұрынғы әйелі Меруерт Әбдір екені айтылады. Меруерт Әбдір – Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама