Halyq Uni логотип
×

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

«Арғымақ» ат-спорты кешенінде мерекелік іс-шара өтеді

 Динара Амантай 15.03.2024 | 18:55
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

2024 жылдың 20 наурызында Наурыз мейрамын тойлау аясында елордадағы «Арғымақ» ат-спорты кешенінде ұлттық спорт күніне арналған «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні» мерекелік іс-шарасы өтеді.

Мерекелік іс-шара аясында көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сабақтары жоспарланған. 

Қонақтарға қазақы тазы және бүркіт көрсетіледі. Сондай-ақ, қолөнершілер жәрмеңкесі, ұлттық спорт ардагерлерін марапаттау рәсімі және мерекелік концерттік бағдарлама өтеді. 

Іс-шараны Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық спорт қауымдастығы Астана қаласының әкімдігімен бірге ұйымдастырды.

Мекен-жайы: «Арғымақ» ат-спорт кешені, Астана қаласы, Рождественская тас жолы, 3.

Уақыты: 20 наурыз (сәрсенбі), сағат 10.00-де.

Дресс-код: ұлттық киім. 

Кіру тегін.

Айта кетсек, биылдан бастап Наурыз мейрамы басқаша тойланатын болды. Мейрамның мән-мағынасы мен мазмұнын байыту үшін жыл сайын 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігін жариялау ұсынылып отыр. Бұл күндері сауда орындарында жаппай сатылымдар өткізіліп, жеңілдіктер жасалады.

Ал Наурызнаманың қорытынды күні жаңа жылды қарсы алудың символы ретінде 23 наурыз – Тазару күні деп жарияланды. Бұл күні Қазақстанның барлық өңірінде жалпыұлттық экологиялық акция өтеді. Наурыз мейрамына орай ел бойынша 10 мыңнан астам іс-шара болады

Серіктес жаңалықтары

Сараптама