×

17 жастағы таеквондошы Олимпиада жолдамасын олжалады

Батырхан Төлеуғали ұлттық құраманың алғашқы лицензиясын алды

 Дастан Жұмабекұлы 15.03.2024 | 16:52
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Ұлттық құрамадағы ең жас таеквондошы жартылай финалда Сауд Арабиясының спортшысы Әли Мабрук әл-Мабрукты жеңді. Жекпе-жекте есеп 2:0 болып тіркелді.

Оған дейін Батырхан Төлеуғали алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен жеңген болатын.

Бұл лицензия – таеквондодан ұлттық құраманың алғашқы жолдамасы.

Олимпиада жолдамасын алған Батырхан Төлеуғали  – жасөспірімдердің әлемдік чемпионатының қола медалисі, 2023 жылғы Қазақстан Спартакиадасының жеңімпазы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама