Halyq Uni логотип
×

СҚО-да кәсіпкерлер бір айға ішімдік сатудан бас тартты

Оларға учаскелік инспектордың және ақсақалдар өтініш білдірген

 Динара Амантай 15.03.2024 | 14:27
СҚО-да кәсіпкерлер бір айға ішімдік сатудан бас тартты
Фото: polisia.kz

СҚО-да учаскелік инспектордың және ақсақалдардың өтініші бойынша кәсіпкерлер бір айға ішімдік сатудан бас тартты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тайынша ауданы Абай ауылдық округінің Қарағаш ауылында учаскелік полиция инспекторы, имам және ақсақалдар кәсіпкерлерге мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айына ішімдік сатудан бас тартуды ұсынды. Олар бірлесіп ішімдіктің саудасына лицензиясы бар дүкен иелерімен әңгімелесті. Кәсіпкерлер ақсақалдардың ұсынысына оң көзқараспен қарады.

Айта кетсек, Қарағашта ішімдік көптен бері сұранысқа ие емес. Полиция қызметкері Руслан Бекболатовтың айтуынша, өткен жылдың және биылдың басында ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ол 2019 жылдан бастап осы округте қызмет етіп келеді. Дәл сол жылдан бастап Қарағашта мас күйінде жасалған бірде-бір қылмыс болмаған.

Сондай-ақ, Руслан Бекболатов ақсақалдар кейбір Солтүстік Қазақстан ауылдарының ішімдіктен толық бас тартуының оң тәжірибесі туралы жақсы білетінін және туған Қарағашты СҚО-ның ішімдік ішпейтін ауылдарының тізіміне қосуды күтетіндігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама