Екеуінің қызметі тоқтатылды
Маңғыстау облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауына байланысты хостелдерді жоспардан тыс тексеріп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгінде инспекторлық құраммен 8 хостел тексеріліп, 50-ден астам бұзушылық анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша барлық 8 хостел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде сот шешімімен екі хостелдің қызметі тоқтатылды.
ТЖМ азаматтар мен кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.