×

Маңғыстау облысында 8 хостелдің иесі жауапқа тартылды

Екеуінің қызметі тоқтатылды

 Динара Амантай 15.03.2024 | 11:56
Фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауына байланысты хостелдерді жоспардан тыс тексеріп  жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде инспекторлық құраммен 8 хостел тексеріліп, 50-ден астам бұзушылық анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша барлық 8 хостел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде сот шешімімен екі хостелдің қызметі тоқтатылды.

ТЖМ азаматтар мен кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама