×

Танымал таеквондошыға Олимпиада жолдамасын алуға бір қадам қалды

Енді Батырхан Төлеуғали Сауд Арабиясының спортшысы Әли Мабрук әл-Мабрукпен лицензияны сарапқа салады

 Дастан Жұмабекұлы 15.03.2024 | 11:29
Фото: Шамкен Байырбек

Таеквондодан Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Батырхан Төлеуғали алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

Айқас 2 раундқа созылып, 17 жастағы қазақ спортшысының сенімді жеңісімен аяқталды.

Енді ұлттық құрама спортшысы біраздан соң жартылай финалда Сауд Арабиясының таеквондошысы Әли Мабрук әл-Мабрукпен Париж Олимпиадасының лицензиясын сарапқа салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама