Сотқа дейінгі тергеу басталды
Қостанай облысының прокуратурасымен тексеру барысында бұрынғы жеке сот орындаушысының мемлекет пен өзге де өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған қаражатты ұрлау схемасы анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бұрынғы жеке сот орындаушысы оны лицензиясынан айырғаннан кейін, өндіріп алушыларға берудің орнына жеке шотына 6 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды. Бұл қаражат – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары, – делнген хабарламада.
Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.