Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Көктемгі каникул 11 күнге созылады. Ол наурыздың 21-нен 31-не дейін (қоса алғанда) жалғасады, – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін барлық білім беру ұйымдарында ұлттық күй бір мезетте ойнайтынын хабарлаған болатынбыз. Наурыз мейрамына арналған республикалық челлендж 20 наурызда сағат 12:00-де өтеді.