×

Абай облысында орманды алқаптар мемлекетке қайтарылды

Ауданы 58,32 гектар учаскелер нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай келген

 Динара Амантай 14.03.2024 | 17:00
Фото: gov.kz

Абай облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы орман пайдаланушылардың ауданы 58,32 гектар мемлекеттік орман қоры учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбай отырғанын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл учаскелерге олар демалу, емделу, спортпен шұғылдану және туризм үшін жағдай жасауы керек еді.

Сонымен қатар, берілген 9,82 гектар жер телімінің 2 учаскесі мемлекеттік шекараның шекаралық белдеуінде орналасқан. Бұл Жер кодексінің талаптарына қайшы келеді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде сот шешімімен мемлекеттік орман қорының жер телімін пайдалану шарты бұзылып, 1,5 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Аумағы 1,9 гектар болатын 1 учаске өз еркімен қайтарылды. Қалған учаскелер бойынша талап-арыздар беріліп, материалдар сотта қаралып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама