×

Діни бірлестіктер өкілдері рухани келісімді нығайту мәселелерін талқылады

Бұл – Қазақстандағы барлық дін ұстаушылар үшін жақсы белгі

 Динара Амантай 14.03.2024 | 15:15
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметі

Астанадағы Успен кафедралды соборының рухани-мәдени орталығында діни бірлестіктер өкілдерінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Іс-шараға Қазақстанда тіркелген діни бірлестіктер, МАМ Дін істері комитетінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Жиналыс Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп жатыр. Биыл мұсылмандардың қасиетті айы Рамазан мен православ христиандар мерекесі бір айға түсті. Бұл – Қазақстандағы барлық дін ұстаушылар үшін жақсы белгі, – деп атап өтті МАМ Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов.

Отырысқа қатысушылар мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара байланысын, рухани келісімді нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

Айта кетсек, бүгінде Астананың Успен кафедралды соборы Қазақстандағы православ мәдениетінің ең ірі орталығы саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама