Halyq Uni логотип
×

Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасына бірқатар міндет жүктеді

Мемлекет басшысына қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы баяндалды

 Динара Амантай 14.03.2024 | 12:58
Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасына бірқатар міндет жүктеді
Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысына қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы және оны орта мерзімді кезеңде одан әрі реформалау жоспары жөнінде есеп берілді.

Атап айтқанда, президентке холдинг қызметінің басым бағыттары баяндалды. Нұрлан Жақыповтың айтуынша, олардың қатарына инвестициялық жобаларды іске асыру, жоғары технологиялық өнім шығару, шетелден тікелей инвестиция тарту, Қор компанияларының экономиканы кросс-субсидиялаудан кезең-кезеңімен бас тартуы және «Самұрық-Қазына» компанияларының IPO-ға шығуы мен SPO кіреді .

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев қор жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама