Боксшылар Бранко Пешич мемориалына барды

Дастан Жұмабекұлы

Belgrade winner турниріне елімізден 12 былғары қолғап иесі қатысады

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan/

Сербияның астанасы – Белград қаласында бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы басталды. Әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысатын халықаралық турнирде Қазақстанның 12 боксшысы бақ сынайды. Турнир 17 наурызға дейін жалғасады.

Belgrade winner турниріне қатысатын Қазақстан боксшылары:

  • 48 келі: Ернұр Қайрат
  • 51 келі: Санжар Тәшкенбай
  • 54 келі: Дәулет Молдашев
  • 57 келі: Оразбек Асылқұлов
  • 60 келі: Бейбарыс Жексен
  • 63,5 келі: Ерасыл Таңқай
  • 71 келі: Сабыржан Аққалықов
  • 75 келі: Диас Молжігітов
  • 80 келі: Ерасыл Жакпеков
  • 86 келі: Темірлан Мұқатаев
  • 92 келі: Данияр Рахымбердинов
  • +91 келі: Олжас Боқаев

Жаттықтырушылар: Ғани Әшкеев, Талғатбек Жақпеков, Бағдат Оңғарбеков, Нұржан Насанов.