×

Алматы облысында 12 мыңнан астам шетелдік азамат тіркелген үйлер анықталды

Көші-қон полициясының 17 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 14.03.2024 | 11:29
Фото: gov.kz

Алматы облысының прокуратурасы 12 мыңнан астам шетелдік тіркелген 278 үйді анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл тізмнің арасында тұрғын үйлермен қатар, іс жүзінде жоқ мекенжайлар болған.

Мысалы, Қарасай ауданының Батан ауылындағы үйлердің біріне 300-ден астам шетелдік азамат тіркелген.

Осы фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 394-бабы («Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ мемлекеттік қазынаға 3 мың заңсыз көшіп келушілердің 79 млн теңге салық төлемеу фактілері анықталды. Олар бойынша өндіріп алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар, сот шешімі бойынша елден шығарылуға жататын 29 заңсыз көшіп келуші және қылмыстық құқықбұзушылық жасаған 43 заңсыз көшіп келуші шығарылмаған.

Жалпы, тексеру аясында Алматы облысының прокуратурасы көші-қон заңнамасын 600-ден астам бұзушылықты анықтап, көші-қон полициясының 17 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама