Halyq Uni логотип
×

2025 жылға дейін 100 заманауи қосымша білім беру нысаны салынады

Бүгінде елімізде 1 713 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді

 Динара Амантай 14.03.2024 | 10:34
2025 жылға дейін 100 заманауи қосымша білім беру нысаны салынады
Фото: t.me/aqorda_resmi

Оқу-ағарту министрлігі балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. 2025 жылға дейін балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін 50 балалар сауықтыру орталығын ашу және кемінде 100 заманауи нысан салу көзделген. Бұл туралы қосымша білім беру саласындағы республикалық семинарда Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді.

Балалар құқығының сақталуын қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың негізгі міндеті. Өңірлерде оқушылар мен олардың ата-аналарының қажеттіліктеріне бағытталған тәрбие беру жүйелері табысты жұмыс істеп жатыр. Қосымша білім беру балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтар мен басқа да жағымсыз құбылыстардың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Осы бойынша инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру қажет, – деп атап өтті Оқу-ағарту вице-министрі.

Семинарда қатысушылар тәжірибе алмасып, өңірлердегі қосымша білім беру ұйымдарының үздік тәжірибелерімен танысты. Ұсынылған жобалар мен бағдарламалар қатысушыларға балалар мен жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берді.

Айта кетсек, бүгінде елімізде 1 713 қосымша білім беру ұйымы, 380 түрлі үйірме жұмыс істейді. Оқушыларды қамту деңгейі 81,6% болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама