Halyq Uni логотип
×

Ораза кезінде дәретсіз дұға қабыл бола ма?

ҚМДБ мамандары дұға ету үшін дәреттің болуы міндетті емес екенін айтты.

 Халық үні 14.03.2024 | 08:50
Ораза кезінде дәретсіз дұға қабыл бола ма?
Фото: sputnik.kz

ҚМДБ мамандары ораза кезінде дәретсіз дұға қабыл бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлады massaget.kz.

ҚМДБ мамандары дұға ету үшін дәреттің болуы міндетті емес екенін айтты.

«Дұға ету үшін дәретті болу абзал, бірақ шарт емес», - делінген хабарламада.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайтында дұғаның қабыл болуының негізгі шарттары ұсынылған:

Бірінші шарт: ықылас-ынта. Ол – дұға мен оған амалды барлық күмән туғызатын нәрселерден таза орындау, барлық істі бір Аллаға тапсыру;

Екінші шарт: ұдайылық. Бұл – тек дұғаның ғана емес, ғибадат түрлерінің барлығының да шарты;

Үшінші шарт: Алла тағалаға шын сенім мен дұғаның қабыл болуына анық илану;

Төртінші шарт: дұғаны жүректен шығару, Раббыдан қорқу, Алланың алдындағы мол сауаптан үміт етіп, жазаларынан жасқану;

Бесінші шарт: дұғаны нық шешіммен, ыждағаттылықпен, байсалдылықпен тілеу. Мұсылман Раббысына тілеу тілегенде айнымас нық шешіммен, ынты-шынтысымен беріліп дұға қылуы керек. 

Дұғаның қабыл болуына кедергі келтіретін нәрселер:

Бірінші кедергі: харамға бой алдыру, хараммен жеу, ішу, кию;

Екінші кедергі: дұғаның тез қабыл болуына деген шыдамсыздық танытып, ақырында дұғаны тастап қою;

Үшінші кедергі: асылық және тыйым салынған істерге бой ұру. Дұғаның қабыл болуына тыйым салынған шектерді бұзып, күнәларға бару кедергі болуы мүмкін;

Төртінші кедергі: Алла Тағаланың міндеттеген парыздарын орындамау. Құлшылық істерін орындаудың дұғаның қабыл болуының бір себебі десек, керісінше, мұсылманға міндеттелінген парыздарды орындамау да дұғаның қабыл болуына кедергі болып есептеледі;

Бесінші кедергі: Күнә-қателікте болу не туыстық байланыстарын үзу;

Алтыншы кедергі: Дұғаның қабыл болуы Алланың хикметімен кешігуі ықтимал. Бұл туралы бір хадисте айтылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама