Halyq Uni логотип
×

Алматыдан 465 шақырым қашықтықта тағы да жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 465 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. 

 Халық үні 14.03.2024 | 07:42
Алматыдан 465 шақырым қашықтықта тағы да жер сілкінісі болды
Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

«Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының» станциялар желісі 13  наурызда 23 сағат 11  минутта жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 465 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6, магнитудасы – MPV 4.4. Тереңдігі  – 15 шақырым.

Қазақстан аумағында MSK-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі сезілген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама